Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
Ал Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Түрікменстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі екенін айтты. Президенттер өзара сауда көлемін арттыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. Түркіменстан басшысы Қазақстан Президентін өз еліне сапармен келуге шақырды.