+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза Айт мерекесімен құттықтады

  • Категория: Саясат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза Айт мерекесімен құттықтады

«Жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдыратын мереке халықтың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттыра түседі»,­ ­  дейді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды. Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді. Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейді, жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдырады. Сол арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырады.

Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақ шуаққа бөленіп, қуанышқа кенелсін! Ораза айт құтты болсын!

Сондай-ақ...