Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н. Назарбаев Ә. Исекешев пен Н. Ермекбаевты қабылдады
Оның біріншісі – Қарулы Күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы, екіншісі – шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсет Исекешевтің айтуынша, алғашқы мәселе бойынша Қорғаныс министрлігімен бірлесіп басым бағыттар анықталған. Ал ел Үкіметі тарапынан бұл жобаға қаражат бөлу жағы да келісілген. Қорғаныс министрі Қарулы Күштерді дамытуға бағытталған жаңа Тұжырымдаманың мазмұнына кеңірек тоқталды. Кездесу соңында Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына бірқатар нақты тапсырма берді.
Әсет Исекешев, ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы:
- Аппарат Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысына материалдарды дайындады. Отырыста екі мәселе қаралады. Біріншісі – Қарулы Күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы туралы, екіншісі – шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде. Бірінші мәселе бойынша Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, негізгі басым бағыттар мен іске асыру кезеңдері анықталды. Сондай-ақ Үкіметпен бірге қаржыландыру және Тұжырымдаманы іске асыруға қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындардың қатысуы мәселелері қаралды.