«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Президентке компанияның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады
Президентке Каспий қайраңындағы пайдалы қазбаларды игеру жөніндегі «Абай», «Исатай», «Жеңіс» және «Әл-Фараби» сияқты инвестициялық жобалардың қазіргі мәртебесі туралы ақпарат берілді. Алик Айдарбаев полипропилен, полиэтилен және бутадиен өндірісі бойынша мұнай-газ химиясы жобаларына қатысты жұмыстардың барысына арнайы тоқталды. «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбырының қайта жөнделуі және Маңғыстау облысының Кендірлі кентіндегі су тұшытатын зауыттың құрылысынан да мағлұмат берді.