Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайланғанына 2 жыл толды
Осылайша, 62 этнос өкіліне қатысты да тарихи әділеттілік орнайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев осылай деді. Ол Ассамблеяның даму бағыттарын да атады. Оның ойынша, этностарды қазақ халқының айналасына біріктіру үшін Достық үйлері мен лингвистикалық кабинеттер арқылы мемлекеттік тілді дамыту қажет. Отырыста Мемлекеттік хатшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайланғанына екі жыл толғанын атап өтті. «Билік транзиті заманның жаңа сын-тегеуріндеріне лайықты жауап беруге жол ашты», – деді.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Бүгін, 2019 жылдың 9 маусым күні мемлекетіміздің жаңа басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайланғанына 2 жыл толды. Бұл тарихи тағылымы мол сабақтастықтың, саяси бағдарды сақтай отыра үндестіктің, әділеттіліктің және дамудың принциптеріне негізделген жаңа басқару әдісін қалыптастыруда жаңа заманның жаңа шақыруларына лайықты жауап беруге мүмкіндік беруде.