Қ. Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалар қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ететін нақты көрсеткіштері бар өзгерістердің тиімді құралына айналуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қазіргі қызметі, сондай-ақ қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту, портфельді және тікелей инвестиция тарту жұмыстары жөнінде баяндалды.