Мәжіліс электр қуатын мемлекетаралық таратуға қатысты құжатты ратификациялады
Құжатқа сәйкес одаққа мүше елдер арасында электр қуатын мемлекетаралық тарату әдістемесі айқындалған. Энергетика министрінің айтуынша, қос хаттаманы ратификациялау Армения және Қырғыз елімен электр энергетикасы саласындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде хаттамаларды Қазақстаннан басқа барлық мүше мемлекет ратификациялаған.
Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:
- Халықаралық шарттың реттеу мәні баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға Армения Республикасының қосылуын ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру болып саналады.
Сондай-ақ жалпы отырыста депутат Қанат Мусиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарып, көптеген маңызды заңның қабылдануына зор үлес қосқан Қанат Мусин Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды. Оның орнына аталған комитеттің төрағасы қызметіне депутат Арман Қожахметов ұсынылды. Ол – білікті заңгер, үш шақырылымда Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
Есеп комитетінің жаңа мүшелері де тағайындалды. Үміткерлер – Рүстем Нұрпейісов пен Юлия Энгель екеуі де Есеп комитетінің аппаратында жұмыс істеген.