Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Осы міндетті орындау арқылы қазақстандықтардың өмірін жақсартуға әрі халықтың алғысына бөленуге болады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізіп, осыны айтты. Жиында кеңес шешімдерінің орындалу барысы тыңдалып, Қордың болашақ инвестициялық жобаларының бағыттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев қордың басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің ақпаратын тыңдады. Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, кеңестің 25 шешімінің 11-і орындалған. Қордың нәтижелі жұмысының арқасында пандемия тұсында жұмыс орындары жаппай қысқарған жоқ. Алдағы күнге деген болжам жақсы. Мұнай мен уранға деген әлемдік баға өсіп жатыр. Соның арқасында инфрақұрылымдық жобалар сәтімен жүзеге асып, экономикаға жақсы әсер етпек. Нұрсұлтан Назарбаев Қор жұмысына оң баға берді. Елбасының айтуынша, Қазақстан 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін әрбір салада серпінді жұмыс жүргізілуі қажет. Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.
Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:
- Қор қазіргі уақытта портфельдік компаниялардың көрсеткіштерін тұрақты өсіру үшін жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда біздің қарауымызда 25 тапсырма бар, соның 11-і орындалды. Пандемия кезінде өндірістерде жұмыскерлердің жаппай қысқартылуына жол берілмеді. Жалпы компанияның қаржылық көрсеткіштері жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз. Дағдарыстан кейін қалпына келе бастады. Мұнай мен уран бағасы өсіп жатыр. Электр энергиясын тұтыну мен транзиттік тасымалдау көлемі де арта түсті. Телекоммуникациялық қызметтер қарқынды дамып келеді. Біз ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру экономиканы дамытуға, ЖІӨ-нің өсуіне жақсы серпін береді деп болжап отырмыз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеп, қажетті шешімдер қабылдап жатқандарыңызды мен білемін. Бұл жұмысты әрі қарай да жалғастыру қажет. Пандемияның ұзақмерзімді әсерін жеңіп, макрэкономикалық тұрақтылықты сақтауды ұмытпайық. Тұрақты және инклюзивті экономикалық өсуді ынталандыру бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет болады. Все вы работаете в своей отрасли, ищите новые подходы. Главная задача - войти в 30 самых развитых стран мира к 2050 году. Это должно стать ориентиром. Каждая отрасль должна двигаться в этом направлении. И тогда мы страну двинем вперед, улучшим жизнь людей и получим благодарность казахстанцев.