30 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі
Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамыту перспективалары мен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған. Бұл туралы өзінің Twitter-парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.