Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкіміне сөгіс жариялады
Белгілі болғандай, Бердібек Сапарбаев 2019 жылы біраз олқылыққа жол бергені үшін қызметінен босатылған Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаевты басқарма басшысы етіп тағайындаған. Енді Мемлекет басшысы облыс әкіміне бір тәуліктің ішінде кадрлық қателігін түзетуді тапсырды.
Президенттен сөгіс алған Жамбыл өңірінің басшысы көп ұзамай Қайрат Досаевты қызметінен босатты. Бердібек Сапарбаев Қайрат Досаевты осыдан 5 күн бұрын ғана Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы етіп тағайындаған екен.