Президент Денсаулық сақтау министрінің есебін тыңдады
Елордада қауіпті вирус жұқтырушылар азайып, эпидахуал тұрақталып келеді. Бірақ республикадағы жағдай көңіл көншітпейді. Бір апта ішінде індетке шалдыққандар саны 10% көбейді. Мемлекет басшысына телефон арқылы есеп берген Денсаулық сақтау министрі осылай деді.
Қазір өңірлердегі 328 медициналық нысанда 55 мыңнан аса науқас емделіп жатыр. Ауруханалардағы төсек-орындардың жартысынан көбі бос емес. Жансақтау бөлімдері де жартылай толы.