Өзбекстан Президенті Жамбыл облысындағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты
Әңгімеге өзбек тарапы бастамашы болды. Өзбекстан басшысы Жамбыл облысында болған қайғылы да төтенше оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті мен халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қолдауы мен жұбату сөздерін жеткізуді сұрап, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Әңгімелесу барысында тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайға қатысты пікір алмасты. Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты деңгейде тығыз байланыстарды нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беруге мүдделі екендерін нақтылады.