Мемлекет басшысы соңғы екі айда бірқатар маңызды халықаралық шараға қатысты
Соңғы екі айда Мемлекет басшысының бірқатар маңызды халықаралық шараға қатысып, көпжақты кездесу өткізгені осының дәлелі. Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Корея Республикасы мен Ресей Федерациясына барды. Түркіменстандағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативті кездесуіне және Тәжікстандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты. Сондай-ақ Душанбеде Иран Президенті мен Пәкістанның Премьер-Министрімен жеке-жеке жолықты. Ресей, Франция, Беларусь, Өзбекстан, Сауд Арабиясы мемлекеттерінің президенттері және Еуроодақ басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Қорыта айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев екі айдың ішінде әлемдік деңгейдегі 10 саммит пен форумға қатысты. Екі елге мемлекеттік сапармен барды. Жеті елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Бұдан бөлек, 12 шетелдік делегацияны қабылдады. Алдағы айларда да Президенттің жұмыс кестесі тығыз болады. Мемлекеттік іссапармен бірнеше елге барады, маңызды саммиттерге қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.