ҚР Президенті Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
Сала мамандары 65 мыңнан астам шақыртуға барды. 9,5 мың адам құтқарылып, 10 мыңы эвакуацияланды. 3 мыңнан астам азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған министр Юрий Ильин осылай деді. Ведомство тұрғындарды сел мен су тасқынынан қорғау үшін Алматы қаласы мен облысы аумағындағы Аюсай, Ақсай және Қорғас өзендеріндегі тоспалар мен бөгеттердің құрылысын қаржыландырмақшы.