Президент Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады
Ел тарихында алғаш ұйымдастырылған бұл саяси демократиялық шара – Қатардың еркін азаматтық қоғам мен зайырлы мемлекет қалыптастыру жолындағы жетістіктерінің айқын көрінісі. «Осы ретте Шығанақ өңіріндегі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі – Қатармен тығыз байланыстарымыздың жылдан жылға ауқымы ұлғайып, ықпалдастығымыздың өрісі кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтемін», – деп жазылған жеделхатта.