Қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетов дүниеден өтті
Хатта Темірхан Мыңайдарұлының тәуелсіздікті нығайтуға зор үлес қосқан тұлға екені жазылған. Атап айтқанда, ол туризм мен спорт саласын дамытуға, елорданың гүлденуіне бар күш-жігерін жұмсады. Кейін кәсіппен айналысып, ауыл шаруашылығын өркендетуге үлес қосты. «Осындай жемісті еңбегінің арқасында жұртшылық арасында үлкен құрметке ие болды», - делінген жеделхатта.
Айта кетейік, Темірхан Досмұхамбетов әр жылдары Астана қаласының әкімі, Спорт және турзим министрі, Қазақстан Президентінің іс басқарушысы болып қызмет етті.