Хабар телеарнасы

ҚР Президенті Өзбекстанның елордадағы жаңа елшілігіне барды

Елшіліктің ғимараты Тәуелсіздік даңғылының бойында, «Хазірет Сұлтан» мешітіне жақын жерде орналасқан. Мемлекет басшылары салтанатты шарада лента қиған соң, Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жаңа нысанды аралап шықты.

Жиын соңында Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.