Қ. Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – делінген жеделхатта.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз».