Қ. Тоқаев: ҰҚШҰ бітімгерлері елден кетеді
Бұл екі күннен кейін басталып алдағы он күн ішінде аяқталатын болады. Бұл туралы Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент: «Сондай-ақ жақын арада террорлық іс-әрекеттердің артында кімдердің тұрғанын анықтау керек», – деді. Ел аумағында неліктен заңсыз қару айналымы артты және оған қалайша жол берілді деген сұрақтың жауабын жедел анықтауды тапсырды. Бұдан бөлек, шейіт болғандардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамту, балаларының оқуға түсіне көмек көрсетіліп өзге де қолдау шаралары жасалады. Қираған нысандар қалыпқа келтіріліп, тауарларды жеткізу қайта жолға қойылады. Ең маңызды міндеттердің қатарында әскери авиациның жұмысын жақсарту да бар.