Қақтығыс кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіледі – Тоқаев
Тұрғын үй, оқу және басқа да қажетті материалмен қамтамасыз етіледі. Президент Қасым Жомарт Тоқаев бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында жариялады. Толығымен қалыпты өмірге келу үшін қаржы жүйесі, көлік саласының еш кедергісіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын және бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау үшін үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырады. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қаржылай және өзге де көмек көрсетіледі. Яғни несиелер бойынша айыппұл мен өсімпұл белгілеу уақытша тоқтылады.