16:00Эфирде: Телесериал «Балканский рубеж»
18:00Әрі қарай: «Механик» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысы жаңа үкімет мүшелерін тағайындады

  • Категория: Саясат
Мемлекет басшысы жаңа үкімет мүшелерін тағайындады

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Тағайындалсын:

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орын;
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
 
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
                Президенті                                                             Қ.Тоқаев
 
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 қаңтар
                          № 756

Сондай-ақ...