Қ. Тоқаев: табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!
Азаматтарымыз экстремистермен күресте патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетті. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл – шынайы жаңарудың кезеңі. Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында осылай деп жазды. Сонымен қатар жаңадан құрылуы тиіс қор туралы да ойын ортаға салды. «Онда жалпыхалықтық «Қазақстан халқына» қоры азаматтардың нақты проблемаларын шешуге қызмет етеді. Қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмектесіп, әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады. Алматыны қалпына келтіруге қаржы бөлінеді», – делінген.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мемлекетіміздің тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді бірлесіп сақтай алдық. Азаматтарымыз экстремистермен күресте патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетті. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл – шынайы жаңарудың кезеңі. Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Жалпыхалықтық «Қазақстан халқына» қоры азаматтардың нақты проблемаларын шешуге қызмет етеді. Қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмектесіп, әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады. Алматыны қалпына келтіруге қаржы бөлінеді.
Үкімет ұлттық валютаның тұрақты бағамын қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс. Теңгені бекемдемей және инфляцияны төмендетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инвесторлардың сеніміне ие болу мүмкін емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында осылай жазды. Сондай-ақ «Өңірлер арасындағы даму алшақтығын еңсеруге баса мән беру керек. Жұмыспен қамту мәселесін шешіп, еліміздің барлық облысының әлеуметтік және мәдени дамуына жағдай жасау керек. Аймақтарда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады», – деді. «Мемлекеттің басты міндеті – отандастарымыздың игілігі мен тұрмыс сапасын қамтамасыз ету. Әділ бәсекені дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы – жаңа экономикалық бағыттың негізгі қағидалары», – деп түйіндеді сөзін Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Үкімет ұлттық валютаның тұрақты бағамын қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс. Теңгені бекемдемей және инфляцияны төмендетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инвесторлардың сеніміне ие болу мүмкін емес.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Өңірлер арасындағы даму алшақтығын еңсеруге баса мән беру керек. Жұмыспен қамту мәселесін шешіп, еліміздің барлық облысының әлеуметтік және мәдени дамуына жағдай жасау керек. Аймақтарда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мемлекеттің басты міндеті – отандастарымыздың игілігі мен тұрмыс сапасын қамтамасыз ету. Әділ бәсекені дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы – жаңа экономикалық бағыттың негізгі қағидалары.