ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты тергеу жалғасып жатыр
Осы істің аясында билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Мәсімовтен басқа Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Төрағасының бұрынғы орынбасары – арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Садықұлов пен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды. Тергеу жалғасуда.