«Қазақстан халқына» әлеуметтік қорын Болат Жәмішев басқарады
Бұл қор жекелеген адамдардың және мемлекеттің қаржыландыруымен іске асады. Қор мынадай міндеттерді орындайтын болады:
– ҚР халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсету;
– төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету;
– халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесу;
– ҚР аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қолдау;
– Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.
Қорды қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдарынан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылады. Қордың Қамқоршылық кеңесі «Қазақстан халқына» бірауыздан ҚӘҚ төрағасы қызметіне Болат Жәмішевтің кандидатурасы ұсынылып, қолдады. «Қазақстан халқына» ҚӘҚ – ның жоғары басқару органы ретінде Қорға қатысушылардың жалпы жиналысы, бақылаушы орган ретінде Қамқоршылық кеңес, атқарушы орган болып басқарма және бақылаушы орган болып тексеру комиссиясы тағайындалады.