Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы жұмысынан кетті
- Категория: Саясат

Ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қызметінен босатылды.
Нұрлан Мәсімов ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жазған баянатына сәйкес Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылды.
Бұдан былай Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Иманбекұлы Қайыров атқарады.
Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.