Алматылық кәсіпкерлерге берілетін төлем 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылды
Бұл туралы Мемлекет басшысына қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, бүгінге дейін тіркелген 1400-ден аса кәсіпкердің жартысы өтемақы алды. 10 наурызға дейін өтінімнің 90% орындалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде қаланы қалпына келтіруді, инженерлік желілерді жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеп, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді азайту үшін баспана қорын қайта жөндеуге ерекше назар аударуды тапсырды.