Қ. Тоқаев елдегі заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды
Жиында елдегі электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ теңгерімді тариф саясатын енгізудің нақты аспектілері мен электр энергетикасы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Президент тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және қуат өндіруші станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және саланы цифрландыру, электр желілеріндегі апаттарды азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Энергетика министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігіне елдегі заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.