Жақып Асанов: соттарда кінәлауға бейім тұру ісі тыйылып келеді
Мұндай мәліметті Мемлекет басшысының қабылдауында болған Жоғарғы Сот төрағасы келтірді. Жақып Асановтың айтуынша, соттарда кінәлауға бейім тұру ісі тыйылып келеді.
Сондай-ақ медиацияның арқасында өзге істер бойынша дауласқан тараптардың 34% татуласқан. Бұрын бұл көрсеткіш тек 3% болған еді. Жоғарғы Сот төрағасы әкімшілік соттардың қызметіне де тоқталды. Жарты жылда соттарға 14 мың талап арыз түскен. Мемлекеттік органдар әрбір екінші істе ұтылыпты. Бұрын қаралған істердің 85% мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент сот органдарын жаңғырту аясында жүзеге асырылатын бірқатар міндетті айқындап берді.