Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Азия Даму банкінің президентін қабылдады

Жобалық құны 300 млн Ақш доллары болатын «Қызылорда – Жезқазған» автожолының құрылысын халықаралық қаржы институты қаржыландырады. Бүгін Мемлекет басшысы Азия Даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады. Ол Орталық Азия өңірімен экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысуға келген. Жиында автожол құрылысына қаражат бөлу келісімін рәсімдеу жоспарланып отыр.

Азия даму банкі 30 жылда елімізде жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды. Атап айтқанда, банк Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін, Ақтөбе – Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен шараларды жалғастыру маңыздылығын айта келе Экономиканы декарбонизациялау - басым салалардың бірі екенін атап өтті.