М. Ахметжанов: елде 3 мыңдай қылмыстық іс қаралып жатыр
Сондай-ақ ведомство басшысы тәртіп сақшыларының қызметін жетілдіру шаралары жайында ақпарат берді. Мәселен, қазір құқық қорғау органдарында полиция жұмысын бағалау жүйесін қайта қарау, бюрократияны жою, сотқа дейінгі іс жүргізу процесін оңтайландыру, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту жұмыстары жүріп жатыр.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент министрге еліміздегі құқықтық тәртіптің деңгейін одан әрі арттыру, ішкі істер органдарының қызметін сервистік модельге өткізу бойынша бірқатар тапсырма берді.