АҚШ-тың беделді журналында Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді
Онда Президент қазақ елінің алдында тұрған сын-қатерлерге тоқталды. Күні кешегі қасіретті қаңтар оқиғасын еске алып, оның қайталануына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтып берді.
Биылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айтылған ауқымды реформалар туралы да баяндайды. Сондай-ақ Ресеймен де, Украинамен де достық қарым-қатынас ұстанатынын және екі ел арасындағы қақтығыс БҰҰ жарғысына сай, тез әрі әділ реттелеріне сенім білдірген. Мақала соңында Президент: «Біз Еуропамен және АҚШ-пен арадағы 30 жылдық берік достық пен ынтымақты күшейткіміз келеді. Еуразияны бұл мақсатқа тек бірлесе отырып қана жұмылдыра аламыз», – дейді.