Президент Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастың қазіргі ахуалы талқыланды. Биыл екі ел арасындағы қатынастардың орнағанына 30 жыл.
«Бұл – тарихи белес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзінше, Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық байланысты бекемдеу маңызды, себебі сауда және инвестициялық ықпалдастықтың әлеуеті зор.
Жапония Үкіметі біздің тараппен бұл салалардағы серіктестікті кеңейтуге әзір. «Оның үстіне Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанда жапон компанияларының көп», - деп атап өтті Ёшимаса Хаяши.