Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университетіне барды

Бүгінде бұл оқу ордасы ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология салаларында білім береді. Бұған қоса Жасанды интеллект институты мен Энергетикалық ғарыш зертханасы жұмыс істейді.

Студенттермен әңгімелесу барысында Президентке осы кластерлердің жұмысы мен түлектердің стартап-жобалары жөнінде мәлімет берілді.