Сауытбек Абдрахманов: референдумның мән-маңызын халыққа түсіндіруге тиіспіз
Елордадағы колледждердің бірінде Мәжіліс депутаттарымен кездескен студенттер өздерін мазалаған сауалдарға жауап алды. Жүздесу еркін форматта, яғни сұрақ-жауап түрінде өтті. Жастар азаматтардың құқығын кеңейту, жергілікті билік және заң шығарушы орган – Парламенттің жұмыс сапасын арттыру жайында сөз қозғады.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Референдумға үш апта қалды. Аз уақыт. Бұл кезеңде біз бүкіл халыққа, әрбір дауыс беруші азаматқа алдағы оқиғаның мән-маңызын терең түсіндіруге тиіспіз. Парламент Мәжілісінің бүгінгі тыныс-тіршілігінің барлығы осы мақсатқа арналғаны анық. Жалпы кездесу де осы мақсатта өтті.