Қазақстан шекарасында заң бұзған 632 азамат ұсталды
Ведомство басшысы Ермек Сағымбаев Президент қабылдауына келіп, комитеттің осы айда атқарған қызметі туралы есеп берді.
Оның айтуынша, халықаралық лаңкестік, есірткі мен қару-жарақ тасымалы қатаң бақылауға алынған. Нәтижесінде, суық қаруды саудаға салған қылмыстық топтардың жасырын қоймасы анықталған.
Бұған қоса заңсыз айналымда жүрген құны миллиард теңгелеп саналатын алтын, жанар-жағармай және түрлі тауар тәркілеген.