Мемлекет басшысы ЖЕЭК отырысына қатысты
Бұл санкцияларды ескере отырып, тұтынушылардың да қажеттілігін жабуға мүмкіндік бермек. Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында осылай деді.
Бүгінде байқалып отырған санкциялық қайшылықтар, шын мәнінде, бұрын-соңды болмаған. Қазіргі геосаяси жағдай әлемдік экономиканың дамуына да түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр.
Халықаралық валюталық қордың болжауынша, жаһандық экономиканың өсімі 3,6% азайған. Бұған қарамастан одаққа мүше мемлекеттердің әлемдік және аймақтық сын-қатерлер жағдайында өзара күш біріктіре отырып, әлеуметтік экономикалық кедергілерді сәтті еңсеретініне Президент сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
- Санкцияларды ескере отырып, шетелдік компаниялардың басқа жерге көшуі үшін қолайлы жағдай жасау мәселесіне айрықша назар аударуды ұсынамын. Әлемдік алпауыт елдер де Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің геоэкономикалық орналасу жағынан басымдыққа ие екенін жақсы біледі. Сондықтан 180 миллион тұтынушысы бар нарығымыздың әлеуетін елемеу мүмкін емес. Аталған шараларды 12 айдың ішінде жүзеге асыруды ұсынамын.
Саммит барысында Президент көтерген тағы бір бастама – үшінші елдердермен және интеграциялық бірлестіктермен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту. Қазіргі жағдайда аталған бағыттың өзектілігі арта түспек. Осы ретте Мемлекет басшысы Комиссия мен Үкіметтерді аталған жұмысты жеделдетуге шақырды. Сондықтан сөзден нақты іске көшу маңызды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
- Қазіргідей күрделі кезеңде үшінші елдермен, интеграциялық бірлестіктермен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мәселесі өзекті болып отыр. Бұл жөнінде былтыр қазан айында өткен Жоғары кеңестің отырысында айттым. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық еткен кезде осы бағыт басымдық ретінде айқындалды. Өткен жылдың соңында Шанхай ынтымақтастық ұйымымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тез арада жұмысты қолға алып, нақты жобалар мен бастамаларды талқылауды бастау керек. Біз Индонезиямен еркін сауда туралы келісімге келу жөнінде келіссөзді бастаймыз. Үндістанмен келіссөз жүргізіліп жатыр, Моңғолиямен келісім пысықталу сатысында.