Телеарна vs интернет: көрермен мен жарнама үшін күрес
Бұл екеуінің көрерменге қайсысы сапалы өнім ұсынып жүр немесе көрерменнің сұранысын қаншалықты қанағаттандырып жүр?
Мақат Садық, журналист:
- Қазіргі таңда әр мемлекет күшейген сайын телевизиясын қарата бастайды. Интернет арқылы көп дүниені қараймыз. Халыққа аналитикалық, мемлекеттің мүддесінде пікір айтатын адамдар керек. Интернетте әркім сарапшы болып өз пікірін бере береді. Бірақ халық өз мемлекетінде, өз көзқарасымен, өзінің мемлекеттік мүддесімен өмір сүреді. Сондықтан телевизия бәрібір күшейеді. Ол мемлекеттің атынан сөз сөйлейді.
Reuters агенттігінің зерттеуі бойынша батыс мемлекеттерінде телеарна көрушілер 2% көбейген. Еліміздің интернет блогерлері көрерменге қаншалықты сапалы контен ұсына алып жүр?
Өркен Кенжебек, блогер, саяхатшы:
- Ай мен күн бірге тұрмайды деген секілді, қазіргі заманның күні кім екені белгілі. Ол – интернет, әлеуметтік желі. Нақты айтатын болсақ, расымен де телевизия жарнамасы мен интернет жарнамасының арасындағы факт – аудиторияны қамту.
Азамат Кеңесұлы, Abai TV телеарнасының директоры:
- Интернет көп жағдайда қоқыс жәшігі ретінде көрінеді. Пайдалыдан гөрі, пайдасыз дүниелерді көремін. Ал телевизияның артықшылығы – тексерілген, тазартылған руханият, мәдениетті көтеру үшін керек дүниелер қамтылады. Сапалы контен жасайтындар аз.