Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов дауыс берді
Ол Елордадағы № 130 сайлау учаскесіне барды. Amanat партиясының өкілдері бүгінгі науқанға белсенді атсалысып жатыр», - дейді ұйымның хатшысы Дәулет Кәрібек.
Дәулет Кәрібек, Amanat партиясының хатшысы:
- Өз дауысымызды бердік. Азаматтар өте көп болды. Референдум арқылы біз не байқап жатырмыз? Бұл елімізде демократиялық дәстүрдің беки түскенін көрсетеді. Өйткені Ата Заңға өзгеріс парламенттік жолмен емес, халықтың қатысуымен енгізіліп жатыр.