Азат Перуашев: Жаңа Қазақстанда парламенттік тергеу тетігі болу керек
Көпшіліктің қолдауын тапқан өзгерістерді енгізу үшін алда әлі қыруар жұмыс күтіп тұр. Мәселен, Есеп комитетін жоғарғы аудиторлық палатаға ауыстырғаннан кейін парламенттік тергеу құзыретін беру қажет деген пікірде Мәжіліс депутаты.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Меніңше, Мәжілістің қолына парламенттік тергеу құзыретін де беруіміз керек. Әлі күнге дейін бізде мұндай құзырет жоқ. Бізде парламенттік тыңдау деген бар, парламенттік сауал деген құқығымыз бар. Ал парламенттік тергеу өткізуге бізде әлі құзырет болмаған. Негізінде осы жоғарғы аудиторлық палатасының ревизиялары бойынша парламенттік тергеу өткізіп, олар тапқан, әшкерелеген кемшіліктерді бүкіл халық назарына шығарып, ресми түрде мөлдір, ашық түрде талқыласақ, бюджеттік процеске, биліктің атқарушы және өкілетті тармақтар арасындағы қарым-қатынаста тепе-теңдікті келтіретін бастама болады.