Мәулен Әшімбаев: Ел қалауын іске асыру қажет
Сенат төрағасы жалпы отырыста осылай деді. Палата спикері республикалық референдумның нәтижесіне тоқталып, конституциялық өзгерістерге сай заңнамаға түзету енгізу жоспарланғанын мәлімдеді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Бұл ретте заңнамалық бағытта атқарылар істің ауқымы кең, маңызы зор. Себебі Президентіміз айтқандай, конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Бұл Парламентке үлкен әрі жауапты міндеттер жүктейді. Конституцияға енгізілген өзгерістеге сәйкес, заңнамаға тиісті түзетулер енгізуіміз қажет. Сенаттың да жұмысын жетілдіру керек.