Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Бұл туралы Президентке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысына Отбасының цифрлық картасын жасау, Әлеуметтік қызмет көрсету порталын және Әлеуметтік қазынашылық ақпараттық жүйесін дамыту жоспары жайында баяндады. Көші-қон саясатын дамытудың жаңа жоспарымен таныстырды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт сала басшысына жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыруды тапсырды.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Әлеуметтік кодекстегі ең негізгі мәселе – қазақстандық отбасылардың әлеуметтік жағдайын көтеру. Сондықтан қазіргі жасалынып жатқан қосымша заңдарда қазастандық отбасылардың цифрлық картасын жасау, жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін одан әрі тереңдету және ішкі, сыртқы миграциялық саясатқа байланысты өзгерістерді енгізгелі отырмыз.