Елімізде республикалық деңгейде Үйлестіру кеңесі құрылуы мүмкін
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қоғамдық кеңестердің қызметін қайта форматтауға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері мен қарапайым азаматтар кіретін ұйым кез келген мәселе бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін тыңдап, онымен санасуға міндетті. Осы ретте қоғамдық кеңестердің ІІІ республикалық мәжілісінде бірнеше ұсыныс айтылды.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Қоғамдық кеңес мүшелері қызметінің міндетті дербес бағалауын енгізу орынды деп ойлаймыз. Өкінішке қарай, қоғамдық кеңестер қызметін ақпараттандыру мәселесі әлі тиісті деңгейде емес. Әлеуметтік желілер – ақпараттандырудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік желілерде белсенді болуға тиіс.