Хабар телеарнасы

Президент сайлауына екі кандидат тіркелді

Салтанат Тұрсынбекованы еліміздің 18 өңірінен 119 мыңнан астам жан қолдаған. Нұрлан Әуесбаев болса, 120 мыңнан аса қол жинапты. Осылайша, Президенттіке үміткерлердің қатары толықты. Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден ресми тіркеуден өтті.