Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын Жезқазған қаласында жалғастырды
Сайлауалды бағдарламысының негізгі бөліктерімен таныстырып, еңбек адамдарымен тілдесті. Кандидаттың өңірдегі соңғы аялдамасы «Адал еңбек» бірлестігі болды. Бұл "Қазақмыс" корпорациясының бастамасымен, кәсіпорындарында еңбек жарақатын алған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған ұйым. Ол жерде Мейрам Зекешұлы компания басшылығымен және ерекше қажеттілігі бар белсенділерімен танысты.
Мейрам Қажыкен, ҚР Президенттігіне кандидат:
-Кездесулер болды. Халықпен, жұмысшылармен, халықтан ұсыныстар естідім... Бұл Ұлытау өңірі біздің қазақ халқына киелі жер деп айтамыз. Өйткені көп ғасыр бұрын қазақтар осы жерде біріккен. Сыртқы жауға қарсы тұруға.