Сайлау кезінде мүгедек адамдарға қажетті жағдай жасалады
Сондай-ақ Брайль шрифтін пайдалана отырып, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін трафареттер әзірленеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында белгілі болды. Топ мүшелерінің дерегінше, қазіргі кезде сайлау учаскелерінің 92% пандуспен, ал 82,3% кіре берісінде тактильді белгімен қамтылған. Сайлау күні әлі 253 учаскеге пандус, 525 учаскеге тактильді белгі орнатылады.
Анастасия Щегорцова, Орталық Сайлау комиссиясының мүшесі:
-Сайлау учаскелерінің 95,2% мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнаулы бұрыш жасалмақ. Сондай-ақ учаскелердегі 94% кабинаны қоларбамен жүретін азаматтарға қолайлы етіп жабдықтауды жоспарлап отырмыз.