Хабар телеарнасы

Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Алматы облысына барды

Штаб мүшелері Өтеген батыр ауылында балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен және Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде сайлаушылармен кездесу өткізді. Онда ұлттық денсаулық жүйесін сақтау, ауылдағы инфрақұрылымды жаңарту, тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін сөз етті. Бұл әлеуметтік басымдықтардың барлығы кандидаттың сайлауалды бағдарламасында қамтылған.

Азат Перуашев, республикалық қоғамдық штабтың мүшесі
-Еліміз үшін тағдыршешуші кезде біз дұрыс таңдау жасау керек деп, дұрыс ел басқаратын адамды сайлауымыз керек. Киелі құндылықтарымызды сақтасақ, әрі қарай да біртіндеп-біртіндеп өркениеті мықты мемлекетке келетінімізге ешбір күмәнім жоқ.