Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Орал қаласына барды
Қазір мұнда кандидаттың сенімді өкілдері мен волонтерлар қызу жұмысқа кіріскен. Оппозициялық партия өкілі қаладағы сайлаушыларымен де кездесті. Тұрғындарға сайлауалды тұғырнамасын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Бүгінге дейін Нұрлан Әуесбаев елдің 7 өңіріне барды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.
Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат
- Біз Орал қаласына келдік. Осында жергілікті активпен кездестік. Кездесу өте тартысты өтті. Түрлі салалар бойынша сұрақтар қойылды. Алдағы жоспарда солтүстік өңірдің біраз жеріне бару бар.