Мейрам Қажыкен Жаңаөзен қаласына барды
Кандидат сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Тараптар мұғалім мәртебесі, кәсіподақ міндеті, сыртқы саясат, экономика тақырыптарында пікір алмасты. Жиын соңында кандидатқа мұнайшылар атынан каска табыс етілді. Бұл осымен тоғызыншы сенім каскасы.
Мейрам Қажыкен, ҚР президенттігіне кандидат:
- Көп мәселе. Оның бәрін түгел жазып алдым. Мен өзім педагог болғаннан кейін білемін, түсінемін. Кәсіподақ бар. Кәсіподақпен бірге жұмыс істеу керек. Жұмыс берушілер бірігу керек. Әлеуметтік әріптестік деген осы, міне. Екеуі бірігіп, ортаға мәселені қойып, талқылап, шешім қабылдаса кез келген мәселені шешуге болады.