Әуесбаев Ақтау қаласының жастарымен кездесті
Сайлаушылар өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, сұрақ қойды. Несие мәселесі, азық-түліктің қымбаттауы, жалақының төмендігі айтылды. Нұрлан Әуесбаев пен жақтастары сайлауалды бағдарламасы бойынша елдің 8 өңірін аралап шықты. Жоспарланған 60-қа жуық іс-шараның басым бөлігі орындалды. Кандидат үгіт-насихат науқанының қалған 3 күнінде Астана қаласы мен елдің солтүстік өңірлеріне барады.
Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:
-Негізі көпшілікті толғандырып жатқан көптеген сұрақтарға жауап бердік. Енді негізінен көпшілік қызық сұрақтарды жастар қойып жатыр. Жалпы, бүгінгі таңда біз Қазақстанның көп аймақтарын араладық. Ол: оңтүстік, солтүстік, Орталық Қазақстан, Батыс Қазақстан. Енді Шығыс Қазақстанға әлі үлгермедік. Алдағы бағдарламаларда көреміз.