Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Қаскелең қаласына барды
«Болашақ жастарды тәрбиелеу мен болмысын қалыптастыруда педагогтардың мәртебесі биік» екенін атап өткен кандидат саланың қажеттіліктеріне де тоқталды. Оның бірі — мұғалімдерге жыл сайын жүктеменің артуы, солай бола тұра жалақының өзгеріссіз қалуы. Жиын барысында мұғалімдер де «Дипломмен ауылға» бағдарламасындағы кедергілер жайын көтерді. Кандидат сапар соңында кәсіпкерлер мен кәсіподақтардың отырысына қатысты. Онда жұмыс берушілер және қызметкерлер арасындағы ынтымақтастық жайы қаралды. Тараптар әсіресе кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің жұмысы сылбыр екенін айтты. Әлеуметтік әріптестікті қалыптастырудың жолдарын қарастырды.
Әлібек Шәпенов, қалалық штаб басшысы:
-Біздің үміткеріміз Мейрам Қажыкен Алматыға келіп отыр. Жиналыстар біраз кездесулер өткіздік. Біраз мәселелер көтерілді. Қала бойынша оннан астам сенімді өкілдер бар. Сайлауға дейін санаулы күндер қалды. Біз ол уақытқа дейін жұмыстарды жалғастырамыз.